10
ноябрь
2023
Мейірбике: Нұрғалиева Л.С балабақша педагогтарына қызылша жұқпалы ауруы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.






Балалардағы қызылша белгілері.Инкубациялық кезең (инфекциядан аурудың алғашқы көріністеріне дейін) 7-ден 17 күнге дейін созылады.Бала инкубациялық кезеңнің соңғы екі күнінде, катаральды кезеңде (3-4 күн) және бөртпелердің төртінші күніне дейін, яғни 9 күн ішінде басқаларға жұқпалы болады.Бірінші, катаральды, кезеңде (1-3 күн) қызылша респираторлық инфекция түрінде көрінетінін білу маңызды: безгегі, бас ауруы, жөтел, мұрыннан су ағу, тамақ ауруы.
Қызылша (лат. Morbilli, ағылш. Measles) — бұл жылдам таралатын жұқпалы ауру, әсіресе, тамаққа жарымайтын немесе туберкулез ауруына шалдыққан балаларға қауіпті. Ауру адаммен байланыста немесе қасында болғаннан кейін он күннен соң суық тию белгілері бойынша басталады: бұлар — дене қызу, тұмау, көздің қабынуы және жөтел. Ауру уақыт өткен сайын асқына түседі. Ауыз іші қабынып, ісініп, іш өтуі мүмкін. 2 немесе 3 күннен кейін ауыздың шырышты қабығында тұздың жартысындай кішкентай ақ дақтар көріне бастайды. Одан кейін 2 немесе 3 күн өткен соң құлақта және мойында, сосын бетте және денеде, ең соңында қол мен аяқта бөртпелер пайда болады. Денеге бөртпелер шыққаннан кейін баланың жағдайы әдетте жақсарады. Бөртпелер 5 күннің ішінде шығып болады. Кейде тері астына қанның құйылуы (қара қызылша) салдарынан шашыраңқы қара дақтар (көгерген жерлер) байқалады. Бұл дерттің әсерінің өте күшті екендігін білдіреді. Мұндайда дәрігерлік көмекке жүгіну керек.