Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

ат-аналарға кеңес

Автор: sad152 от 25-10-2018, 05:50, посмотрело: 26

0
ат-аналарға кеңес
ат-аналарға кеңес
ат-аналарға кеңес

Категория: Родителям

 
 

Ата-аналарға кеңес

Автор: sad152 от 1-02-2017, 23:04, посмотрело: 361

6 Ата-аналарға кеңес

Автор: admin от Сегодня, 21:07, посмотрело: 1
0
«Бала тәрбиесі үлкен ғылым»

Баланы жастан бақпасаң,
Жамандықтан қақпасаң,
Қадірден жұрдай қасқа боп,
Кешкенің өмір босқа тек.
Баланың ыстық суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз ертеңгі ана, ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса оны жалғастырушы, демеуші – ата-ана.
Бала ата ананың қолындағы - аманат. Олардың жүректері пәк, таза, гауһардай құнды. Бала жас шыбықтай иілгіш келеді. Кез-келген пішінге салуға болады. Құнарлы топыраққа ұқсайды. Құнарлы топыраққа не ексең соның жемісін аласың. Сондықтан бала неге бейімделетін болса сол бойынша бағыт алады, сол бойынша өседі. Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі.
Тәрбие мәселесінің қаншалықты маңызды екенін Абдолла Аблонидің тәрбиеге байланысты айтқан: “Тәрбие – біз үшін не өмір, не өлім, не құтылу, не бақыт, не қайғы ”, — деген.
Аздаған кеңестер:
- Балаларыңыздан қайғыларыңызды, дерттеріңізді жасырыңыздар.

- Баланы жанұядан біреу ұрсып, сөгіп жатқанда, бұл ұрысқаны әділетсіздік болса да, жанұядағы басқалары баланы жақтамауы керек.

- Олардың жанында әрқашан жайдарлы, күлімдеген, жарқын жүзді болыңыз! Жабырқаулы, мұңды адамдардың жанында балалар қатты әсерленеді.

- Балаларыңызды өзгелердің жанында ұрыспаңыз! Кішкентайлардың да намысы, ренжитін өздеріне тән көңілдері бар.

- Балаларыңызға жасаған қателіктерін мойындауды үйретіңіз. Кемшіліктерін білуі және оны жасамауға тырысуы, өмірде жетістікке жету - сырларының бірі.

- Батыл мінезді болуыңыз баланы көптеген жаман әрекеттерден сақтайды.

- Балаларды ешқашан өтірікшілікпен айыптамау керек.

- Балаларыңызды бір-бірінен ешқашан бөлектемеңіз.

- Балалардың тәкаппарлануына ешқашан көз жұмбау керек.


- Балаларға өткінші емес, тұрақты тәрбие беруге тырысу керек.

- Балалардың көңілді және қуанышты болуларына тырысу керек.

-Балаңызға үй шаруасына қатысып, жәрдемдесуге рұқсат беріңіз. Еңбек ету алгоритімін үйретіңіз. Берілген тапсырманы орындауда жауапкершілікті сезіне білуді қалыптастыру үшін, еңбек ету кезіндегі жіберген қателіктерін емес, жетістіктерін айтып, қолдау көрсетіңіз.

-Балаңыздың бойына өз халқына, ұлттық дәстүріне деген құрметті дарытуда өзіңіз үлгі болыңыз. Ол үшін шынайы сыйластық, кешірімді тату тәтті қарым қатынас, үлкенге құрмет, кішіге ізет, жанұя мүшелерінің бір біріне деген жанашырлық сезімдерін, баланың бойына дарыта білудегі жауапкершілігіңізді естен шығармаңыз!

-Балаңыздың қалауы бойынша ойнаңыз, әңгімелесіңіз, арнайы уақыт бөліңіз. Балаңыздың ойынын шын ниетпен қабылдап, оның балалық әлеміне еніп, өзіне және өзгелерге балаңыздың көзқарасымен бір кезек қараңыз. Бала ойын арқылы өмірдің қиыншылық сәттеріне қарсы тұруға дағдыланады, адамдармен қарым қатынасты орнатуға үйренеді.

Ата-анаға көз қуаныш,
Алдына алған еркесі,
Көңіліне көп жұбаныш.
Гүлденіп ой- өлкесі,- деп Абай атамыз ата-ананың қуанышы, гүлденген үміт, арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен.Ендеше ,ата-аналар,қолымыздағы алтынымызды жақсылап
тәрбиелейік және біз оларға үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық. Адам да өмір сияқты,күлмесе жайнап өспейді дейді. Сондықтан да мына жайттарды есімізге ұстайық: «Отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десең балаға кішкентайынан түзу тәрбие бер»,- деп ата-бабамыз айтқандай, бала тәрбиесіне уақытыңда көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі мол,білімді, саналы ұрпағын тәрбиелейік .Егер ата-ана мен балабқша өзара тығыз байланыста болса, балаларға бірдей талап қойып отырса, тәуелсіз еліміздің ұл- қыздары жан-жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз.

Категория: Родителям

 

Ата-аналарға кеңес

Автор: sad152 от 29-01-2017, 22:50, посмотрело: 351

0 Сәлеметсіздер ме, құрметті тәрбиешілер! Бүігінгі біздің «Бала тәрбиесі үлкен ғылым» атты тренинг-сабағымызға хош келдіңіздер! Ата-ананың тілегі – баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, оқу мен еңбектегі табыстары.

Баланы жастан бақпасаң,
Жамандықтан қақпасаң,
Қадірден жұрдай қасқа боп,
Кешкенің өмір босқа тек. – дегендей, баланың ыстық суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз ертеңгі ана, ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса оны жалғастырушы, демеуші – ата-ана.


Жанұя ойыны»сергіту жаттығуы:
Балаңыздың туған күні?
Балаңыз былтыр туған күнін қайда атап өтті?
Балаңыздың ұстазының аты – жөні?
3. Балаңыз бұйырса мектепке қай жылы барады?
4. Балаңыз қандай өлшемді аяқкиім киеді?
5 Балаңыздың сүйікті асы қандай?
6. Балаңыз кеше кешке қай уақытта ұйықтады?
7. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
8. Балаңыз жақсы көреді спорттың қандай түрін?
9. Балаңыз балабақшаға қай жылы барды?
10. Балаңызды еркелетіп қандай сөздер айтасыз?
11. Балаңызға ашуланғанда,ең алдымен ауызыңызға қандай сөз түседі?
12. Балаңыздың ең жақын досы кім?
Балаңыздың жасы ай қаншада?
Тәрбие берудегі ең бірінші мақсатыңыз?


Тәрбие мәселесінің қаншалықты маңызды екенін Абдолла Аблонидің тәрбиеге байланысты айтқан: “Тәрбие – біз үшін не өмір, не өлім, не құтылу, не бақыт, не қайғы ”, — деген. Баламызды шектен тыс жақсы көруден еркеліктің басымдығынан кейде өкінішті сәттер көп болып жатады. Мына бір бейне роликке көз жүгіртсек.

«Боз орамал» бене ролик

Ата-анаға көз қуаныш,
Алдына алған еркесі,
Көңіліне көп жұбаныш.
Гүлденіп ой- өлкесі,- деп Абай атамыз ата-ананың қуанышы, гүлденген үміт, арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен.Ендеше ,ата-аналар,қолымыздағы алтынымызды жақсылап
тәрбиелейік және біз оларға үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық. Адам да өмір сияқты,күлмесе жайнап өспейді дейді. Сондықтан да мына жайттарды есімізге ұстайық: «Отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десең балаға кішкентайынан түзу тәрбие бер»,- деп ата-бабамыз айтқандай, бала тәрбиесіне уақытыңда көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі мол,білімді, саналы ұрпағын тәрбиелейік .Егер ата-ана мен балабқша өзара тығыз байланыста болса, балаларға бірдей талап қойып отырса, тәуелсіз еліміздің ұл- қыздары жан-жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз.


Әдепті бала
Ата –анасын мақтатар,
Әдепсіз бала,
Ата-анасын қақсатар.

Үйінде ұл- қызы бардың,
Көгінде сөнбес жұлдызы бар.

Жақсының сөзі,
шайдай жарық, айдай анық.

Мейірімділік –жүректен.

Атадан - өсиет,
Анадан - қасиет.

Бекболат тілеуханов «Бала тәрбиесі»

8.Қорытындылау.



«Тілек шамы».
Мақсаты: тренинг туралы пікірлерін ортаға салу.
«Міне, қоштасатын да сәт жетті. Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір-бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса барлығыңыз да осы жерде айтуларыңызды сұраймын.




Ойын барысында 4 сөз беріледі: «Ана», «Бала», «Асығу» және «Дана». Осы сөздері қолдана отырып өлең шумағын құрастырамыз.
Талдау: өлең шумағын бір - бірден оқып талдайды.
Қорытынды: Мәселен, мен былай құрастырдым:
Бас иеді барлық адам – АНАҒА,
Жақсылықты ол тілейді – БАЛАҒА.
Мақсатына жеткізуге АСЫҒЫП,
Өз баласын теңейді ол – ДАНАҒА. – деп бүгінгі «Бала тәрбиесі үлкен ғылым» атты тренинг - сабағымызды аяқтаймыз, келесі кездескенше сау болыңыздар!

Категория: Родителям

 

Кеңес беру бөлімінің жұмыс кестесі

Автор: sad152 от 8-11-2016, 17:10, посмотрело: 225


                                                                       Кеңес беру бөлімінің жұмыс кестесі

Категория: Родителям

 

2016 -2017оқу жылына арналған консультациялық пункт жұмысының жоспары

Автор: sad152 от 8-11-2016, 17:05, посмотрело: 542

2016 -2017оқу жылына арналған консультациялық пункт жұмысының жоспары

Категория: Родителям

 

Кеңес беру пунктінде ата-аналарға кеңес

Автор: sad152 от 27-09-2016, 00:28, посмотрело: 473

Ата аналармен психологиялық ағарту жұмыстарын ұйымдастыру
Өз балаңды жақсы көре біл!

Балаңыздың сізбен бірге болғанына қуаныңыз. Балаңыз қандай, солай қабылдай біліңіз, оны төмендетіп намысына тимеңіз. Өзіне деген сенімділігін арттыруға өз тарапыңыздан жағдай жасаңыз, әділетсіз жазалауға жол бермеңіз. Балаңаз сіздің іс әрекетіңізден жылылық пен махаббатыңызды сезіне білуі қажет.


Категория: Родителям

 

Ата-ана сіз үшін..

Автор: sad152 от 19-10-2015, 08:01, посмотрело: 740

0

Ұлдарымыз ержетіп- ұлықты болсын,

Қыздарымыз бойжетіп- қылықты болсын!

  • Кішкентайынан көп жаза шеккен бала өскенде кінәмшіл болады.
  • Кішкентайынан қатыгездік әрекеттерді көп көріп өскен бала дау-дамайға бейім тұрады

Категория: Родителям