» » "Желбірейді жеңіс туы!"

 
 
 

"Желбірейді жеңіс туы!"

Автор: admin от 17-03-2016, 00:27, посмотрело: 671

0

Жеңіс күніне арналған ертеңгілік

 

Жүр: Мінеки келіп жетті Жеңіс күні

Болмасын көңілдердің кемістігі

Жеңіс деген-жақсылықтың нышаны

Жігер менен алып күштің құралы

Күрескердің арманы мен ұраны

Қуаныш пен мерекенің бұлағы

 

Жүр: Жеңіс-бұл адамзат баласы аңсап жеткен күн. 1418 тәулікке созылған сонау сұрапыл соғыс жылдары дүниеге келген балалар бүгін жетпісті желкелеген ақсақалдар. Әйтсе де, сол бір қайғылы жылдар жылдан-жылға жаңғырып, өткенді еске салады. Бұл күн барша адамзаттың есінен кетпейді. Олай болса, ешкім де ешқашан да ұмытылмақ емес!-дей отырып, Жеңіс күніне арналған ертеңгілігімізді бастаймыз.

 

Балалар батырлар туралы тақпақтар айтады.

 

Көрініс «Қаралы жылдар»

 

 

 

 

 

Би «Вальс»

"Желбірейді жеңіс туы!"

 

"Желбірейді жеңіс туы!"

 

 

 

 

Ана: Қырғын соғыс, қан жылатқан заман – ай

Халқым сиреп, талай қыршын қиылды - ай,

Жан түршігер ауыртпалық көрсек те

Бар тілегім, ұлым болсын аман – ай!

 

 

«Маршировка»

 

 

"Желбірейді жеңіс туы!"

 

(Бір кезде солдаттар шығып кетеді де, ішінен бір бала қалып өлең оқиды)

Айналғанда аядай қалашықты,

Алдымыздан кішкентай Ана шықты.

Қырда отырған ауылға апаратын

Жалғызаяқ соқпақтан адасыпты.

Бір қолында батпандай қуыршағы,

Бір қолында ойыншық құлыншағы.

Екі жансыз мүсінді мәпелейді,

Мәпелейді, біресе ұрысады.

Қарадық та, селт етпей жанарымыз,

Алжығанға санадық Ананы біз.

...Бораны ұлып, бетінен боздағы ұшқан,

Сұлап жатыр далада жаралы күз.

Бәйек болмай отырған жан қалмады,

Сонда да Ана назарын аудармады.

Сәбидейін өзімен-өзі болып,

Қуыршақ пен құлыншақ алданғаны.

Сөзге тартпақ болып ек, естімеді,

Адам қалай оп-оңай ескіреді?

(Осы кезде шал кіреді де айтады)

 

- Жастар-ай, жамандық жоқ көңіліңізде,

Мына отырған Ана кім, көрдіңіз бе?

Бір күрсініп алды да, отырған қарт

Ана өмірін баяндап берді бізге.

-Сағындырған, сарғайған құр үмітпен!

Сәби-ана сапардан ұлын күткен.

Қолына алса-дағы қара қағаз

Ұлым тірі келер деп жолын күткен

(Шал жүріп шығып кетеді)

Сұрапылдан сәбиі оралмапты,

Қуыршақ пен құлыншақ содан қапты.

...Қара жолды қаптай кеп тозаң жапты,

Қаралы күз қайтадан борандатты.

Ымырт ауыр салмақпен далаға енді,

Қап-қара жамылғысын ала келді.

Ауылына жетті де сәби-ана,

Ойыншығын құшақтап қала берді.

 

 

 

Жүрг: Біздің халқымыздың Ұлы Отан соғысындағы қаһармандық ерлігі жеңіспен аяқталды. Неміс фашистері кеше тізе бүгіп жеңілгендерін мойындады. Соғыста ерлікпен қаза тапқан қыршын жастарымыздың қаһармандық рухы ұрпақтар есінде мәңгі сақталады!

(Ортаға бала жүгіріп шығады)

Сүйінші, халқым, сүйінші

Шаттанып ата-анамыз

Шаттанып аға-бабамыз

Кек қайтарып фашистен

Соғыс бітті жеңіспен!

Хор «Жеңіс күні»

 

 


 

Жүр: Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс жолында Отан үшін су кешіп талай миллиондаған асыл азаматтар мерт болды. Жауменен жан аямай шайқасып, ерліктің ерен үлгілерін көрсетті. Міне, ата-бабаларымыздың арқасында бүгінгі күні өз тәуелсіздігімізді алып, егеменді ел болып, әлемге танылып отырмыз. Өз Әнұранымыз, өз Елтаңбамыз, әрқашан биіктен көрінер Туымыз бар. Бұл біз үшін үлкен қуаныш, үлкен бақыт. Қуанышымыз, жеңісіміз ұзағынан болсын деп бүгінгі мерекелік шарамызды аяқтаймыз. Елімізде бейбітшілік болсын! Аналарымыздың зарлаған, сәбилеріміздің жылаған дауысы естілмесін! Айбынды азаматтарымыз аман болсын!

 

Жүр: Осымен ұлы жеңіс күніне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Сау болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

Категория: Утренники

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Полужирный Наклонный текст Подчеркнутый текст Зачеркнутый текст | Выравнивание по левому краю По центру Выравнивание по правому краю | Вставка смайликов Вставка ссылкиВставка защищенной ссылки Выбор цвета | Скрытый текст Вставка цитаты Преобразовать выбранный текст из транслитерации в кириллицу Вставка спойлера
Введите код: *