25
сентябрь
2024
Бүгінде кез-келген баланың қолында мобильді құрылғының жүруі қалыпты жағдайға айналып барады.
Бүгінде кез-келген баланың қолында мобильді құрылғының жүруі қалыпты жағдайға айналып барады.Бұл мақтанарлық та, қуанарлық та жағдай емес.Себебі, смартфонның кері әсері балалардың дамуын тежейді.Балаға смартфон ұстатпаудың 7 себебі:
1.Бала қолында смартфонның болуы қаншалықты қажет болса да, ол ата-ана мен бала арасындағы байланысты бұзады. Санасы енді жетіліп келе жатқан балаға табиғи тығыз қарым-қатынас ауадай қажет. Баламен табиғатта жиі серуендеу,үйде көп әңгімелесу арқылы ғана байланыс жасалады.Сізбен емес,смартфонмен сырласатын бала өсіруді мақсат тұтпасаңыз,қолына смартфон ұстатудың алдында ойланыңыз. 2.Смартфон - баланың шығармашылық, оның ішінде креативті ойлауын тежейді. 3.Бала ұйқысының бұзылуына себеп болады. Өз іс-әрекетінің салдарын ойлауға мүмкіндік бермейді.Смартфон балабалабақшаға деген қабілетін, құштарлығын төмендетеді.Псиxикалық саулығына әсер етеді,балалар арасындағы депрессия және анфекция себептерінің көп жағдайда интернет пен смартфон секілді құрылғыларды пайдаланудан болады. Смартфондағы ойындарда жиі қорқытып-үркіту орын алады. Бұл оның псиxикасына кері зиянын тигізеді. 4. Балаңыздың физикалық саулығына зиян. Смартфоншылар бір орында қимылсыз отырады. Бұл жеткіншектің дене бітімінің дұрыс өсуіне, қалыптасуына кері әсер етеді. Олар таза ауада көп қимылдауы тиіс. Соның салдарынан арқаның қисаюы, көзінің көруі нашарлауы, артық салмақ жинауы тағы да басқа аурулар табуы мүмкін. 5. Мінез-құлқы өзгереді. Смартфонды күніне 2 сағаттан артық пайдалану бала эмоциясының өзгеруі мен әлеуметтік мәселелерінің тууына үлкен себеп. Мінезінде тұйықтық пайда болады. Алуан түрлі ойындар жеткіншектің көңілінің бұзылуына, оның өзімен-өзі жалғыз болуына деген ынтасын арттырады. 6. Балаға зорлық-зомбылықты үйретеді. Смартфон арқылы түрлі зорлық - зомбылық ойындар, чаттар немесе интернеттегі әдепсіз видеоларды жиі көретіндіктен агрессивтілік пен агрессивті мінез-құлықты қалыптастырады. Оның зардаптары қазіргі уақытта да байқалып жатқанына куә болып жатырмыз. Барынша балаға планшет пен смартфон бермеуге тырысыңыз. Пайдалы мультфильм мен дамытушы ойындар көп көрсетуге дағдылаңыз.
Психолог: Акбота Жалгасбековна